Мәскеуде коронавирустан бір тәулікте 74 адам қайтыс болды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей астанасы Мәскеуде коронавирустан көз жұмған адамдар саны 74-ке өсіп, 1432-ні құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау және мониторинг жөніндегі жедел штаб мәлім етті.

«Мәскеуде пневмония диагнозы қойылған және коронавирус инфекциясына жасаған тесті оң нәтиже көрсеткен 74 пациент қайтыс болды», - штабта.

Штабтың мәліметінше, бұл қалада инфекция таралған уақыттан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Егер ЖРВИ кез келген белгілері пайда болса, үйде қалып, өздігінен емделмеу керектігін еске салды. Мұндай жағдайда үйге дәрігер шақыру керек.


Соңғы жаңалықтар