Мәскеуде қазақтың тілін, тарихын білуден Олимпиада өтті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Елім менің» Олимпиадасы мәреге жетті.
Онда Ресей Федерациясының аумағында тұратын отандастарымыз қазақ тілін, Қазақстанның мәдениеті мен тарихын білуден сайысқа түсті.
Олимпиадаға 14-24 жас аралығындағы қазақ азаматтары және қазақ тілін меңгеріп жүрген ресейлік студенттер қатысты.
Зияткерлік сайысты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында ресейлік өңірлердегі қазақ ұлттық-мәдени бірлестіктердің қолдауымен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі және консулдық мекемелері ұйымдастырды.
Олимпиаданың ақтық кезеңі Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде өтті. Жеңімпаз жоғары 128 балдың 100-ін иеленген Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің студенті Инесса Қуанова атанды. Екінші орынды Санкт-Петербор сәулет-құрылыс университетінің студенті Нұрсұлтан Асылхан иеленді. Үшінші орын Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студенті Анастасия Решетниковаға бұйырды.
Олимпиаданың ең жас қатысушысы Мәскеу мектебінің үшінші сынып оқушысы Тахир Аршабаев болды. Ол арнайы сыйлықпен марапатталды. Іс-шара қазақстандық студенттердің «Шабыт» этно-музыкалық тобының шағын концертімен аяқталды.
- Гүлмира Базарбаева: Тәуелсіздік - халықтың тойы, қалың қазақ, алты алаш туған күн
- Президенттің мақаласы көпті алаңдатқан мәселеге нүкте қойды - Бақытжан Жұмағұлов
- ҚР Президенті: Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ
- ҚР Президенті: Төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу
-
Тәуелсіздік бәрінен қымбат - Қасым-Жомарт Тоқаев
-
Босния және Герцеговинада Абайдың бюсті орнатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам