Мәскеуде Қазақстаннан барған шаштараз-стилист қайтыс болды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу орталығындағы сұлулық салондарының бірінен қазақстандық шаштараздың денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол – 53 жастағы Қазақстан азаматы, шаштараз-стилист.

«Азаматтығы расталды. Консул Мәскеу полициясымен байланыста. Іс тексеріліп жатыр. Қайтыс болған азаматтың туыстарының жүгінуіне қарай қажетті көмек көрсетіледі», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.

Бұған дейін «Москва» қала жаңалықтары агенттігі сұлулық салонының қызметкері дәретханаға кіргенде, онда 53 жастағы ер адамның денесі жатқанын көргенін хабарлаған болатын. Ол салонда шаштараз-стилист болып жұмыс істеген. Денеден күш қолдану белгілері табылған жоқ, алдын ала деректерге қарағанда, стилистің жүрегі талған көрінеді.


Автор: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар