+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мәскеуде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр

2021 жылғы 5 мамыр 17:33
Бөлісіңіз:
Мәскеуде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өтіп жатыр

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Чистопрудный желек жолында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Анкарада «Қазақстан-Түркия Достық велотрэгі» өтті Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов «Қайырымды істер марафоны»: Елордалықтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған

Ашылу салтанатына Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев пен Басманный ауданы басқармасының басшысы Ирина Лесных қатысты.

Елшінің айтуынша, көрме Ұлы Отан соғысындағы жеңістің кезекті мерейтойына орайластырылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Көшербаев Қазақстанның майданға 1 млн 200 мың адам жіберіліп, оның ішінде 600 мың азаматтың қайта оралмағанын еске салды. Сонымен қатар республика майданға қару-жарақтар, оқ-дәрілер, азық-түлік және киім-кешек жіберіп отырған.

Көрмеге Нұрсұлтан Назарбаев қоры, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мұрағаттарынан 16 екіжақты стенд ұсынылған.

Мәскеу тұрғындары мен ресейлік астана қонақтары Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге қосқан үлесімен таныса алады.

Көрмені Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен және Мәскеу қаласы билігінің көмегімен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырып отыр.

Қойылым 16 мамырға дейін созылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT