Мәскеуде Қазақстан мен Ресей тарихшыларының конференциясы өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -Мәскеуде Ресей ғылым академиясының ғимаратында «Еуразия жүрегінде: Ресей мен Қазақстан тарих тоғысында» халықаралық ғылыми конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап.

Конференция Ресей мен Қазақстан тарихшыларының бірлескен жұмыс тобының жоспары аясында ұйымдастырылды. Оған еуразиялық кеңістіктің тарихына маманданған екі елдің жетекші ғалымдары, түркітанушылар, археологтар және мұрағатшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған «Тарих» ғылыми-танымдық журналының жаңа нөмірін таныстырды. Бұл жолы журнал «Ресей-Қазақстан: Тарихи кезеңдер» жалпы атауымен басылып шықты.

Басылымда Ресей мен Қазақстан тарихының тамыры тереңде жатқан әртүрлі аспектілеріне баса назар аударылған. Мәскеу, Санкт-Петербург, Нұр-Сұлтан, Алматы, Оксфорд және басқа да қалалардағы жетекші ғылыми және білім беру мекемелерінің саясаттанушылары, тарихшылары, археологтары, жетекші ғалымдары, шығыстанушылары мен этнографтарының мақалаларында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы тарихын зерттеу саласындағы өзекті мәселелер қарастырылған.

Конференция «Ресей бейбітшілік қоры» халықаралық қоғамдық қоры мен А.Горчаков атындағы қоғамдық дипломатия қорының қолдауымен өткізілді.

Соңғы жаңалықтар