Мәскеуде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының тарихына арналған көрме ашылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу қаласында Мемлекеттік Думада екі елдің дипломатиялық қатынасының орнағанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан және Ресей ғасырларға жалғасқан достық!» көрмесінің ашылуы болды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

 Шараға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин және Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин қатысты. Н. Нығматулин көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде: - Көрменің тақырыбы да, оған қойылған естеліктер де Қазақстан мен Ресейдің 25 жыл ішінде жүріп өткен тарихи жолынан сыр шертеді. Біздің елдеріміздің басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путиннің салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Ресей ең жақын, ең бауырлас елдер ретінде бүгінгі күні мемлекетаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл біздің бүгінгі және болашақ табыстарымыздың кепілі. Осы жолда парламентаралық байланыстың да рөлі өте зор,-деді. Өз кезегінде Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин, көрме - ортақ тарихымызды еске алып, болашаққа байлам жасаудың тамаша көрінісі екенін атап өтті. - Бұл сапар біздің әріптестік мүмкіндігіміздің зор екенін көрсетеді. Мемлекеттік Дума мен Парла­мент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның жұмысы өте маңызды. Әсіресе, біздің елдеріміз басшыларының келісімдерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында өзектілігі жоғары,-деді ол.
null

 Көрмеде Мемлекеттік Думаның XX ғасыр басындағы бірінші және екінші шақырылым жұмыстарының мұрағаттық суреттері қойылған, ол жұмыстарға қазақ депутаттары да қатысқан болатын. Ал ортақ тарих туралы Екінші Дүниежүзілік соғысы, тың игеру кезеңіндегі ерліктер, Байқоңырдан ғарышқа алғашқы сапар жайындағы естелік қойылған. Сондай-ақ, көрмеде екі мемлекеттің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан орнаған қарым-қатынас жайында мағлұмат беретін естеліктер бар. Ол суреттерден Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенттерімен кездесулері кезінде маңызды стратегиялық құжаттарға қол қойып жатқан сәттерін, Еуразиялық интеграция туралы алғаш рет жария еткен М.В. Ломоносов атындағы ММУ сөз сөйлеген сәттерін көруге болады. Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның айшықты белгісі - Астанаға да айрықша назар аударылған. Көрмеге қойылған Астананың даму қарқыны мен көз тартар сұлулығынан сыр шертетін суреттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар