Мәскеуде Қазақстан Елшісінің кубогі үшін шағын футболдан турнир өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшісінің кубогі үшін шағын футболдан жыл сайынғы жастар турнирі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Шараны Ресей Федерациясындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның және «Қазальянс» студенттік бірлестігінің қолдауымен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырды.

«Турнир Қазақстандағы Жастар жылына және екі ел арасындағы, соның ішінде Мәскеу қаласындағы студенттердің достық қарым-қатынасын нығайтуға арналды. Биылғы жылы спорттық бәсекеге бакалавриат пен магистратурада білім алып жүрген студенттер, астаналық әртүрлі жоғары оқу орындарынан 12 команда қатысты», - деді Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Нұрболат Аңдасов.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, екінші орынды Г.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің командалары, үшінші орынды «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің «Авангард» командасы жеңіп алды.

Ресей Федерациясындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Асхат Әбдімырзаев Қазақстанның дипломатиялық өкілдігін «Болашақ» бағдарламасының стипендианттарына берген мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

Автор: Нарымбек Исмагулов

Соңғы жаңалықтар