+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мәскеуде қатты желден Кремль қорғаны зақымданды

2021 жылғы 22 қазан 21:23
Бөлісіңіз:
Мәскеуде қатты желден Кремль қорғаны зақымданды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеудегі Кремль қорғанының кертештері қатты желден зақымданды. Бұл туралы Федералды күзет қызметінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қорғанның Спасск мұнарасынан Сенат мұнарасына дейінгі бөлігінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан, алайда бұл жұмыстар қатты желге байланысты уақытша тоқтатылған», - деді бөлім бастығы Денис Симонов.

Оның айтуынша, құрылыс ағашы жартылай қирап, қорған кертештері зақымданған.

«Адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Симонов. Ол түсіндіруді осымен тоқтатты.

Бұл туралы ертерек ТАСС-қа жедел қызметтерден хабар түскен болатын.

«Желдің салдарынан құрылыс ағашы құлап, бір кетрешке зақым келген», - деді агенттікке сұқбат беруші.

Мәскеулік ТЖМ ертерек қатты жел туралы ескерту жасаған еді.

ТАСС тілшісінің айтуынша, қазіргі кезде Қызыл алаңға барар жолдардың барлығы жабылған. Аталған ауданды бақылаушы қызметкерлердің сөзінше, алаң қираудың салдарынан жабылған.

Кремль қорғанындағы зақымданған кертештердің жанында бірнеше қызметкер бар, олар қирандыларды жинастырумен айналысып жатыр. Қорғанның бір кертеші толығымен жоқ.

Бұл осындай бірінші жағдай емес. Мысалы, 1998 жылы қатты жел Кремль аумағындағы 200 ағашты құлатып, қорғанның бірнеше кертешіне зақым келтірген.

Ал 2018 жылдың сәуірінде Сенат сарайы шатырының бір бөлігін ұшырып әкеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT