Мәскеуде қарулы қылмыскерлердің экскаваторды айдап әкетпек болған әрекетінен түк шықпады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде қарулы қылмыскерлер тобы экскаватор жүргізушісіне шабуыл жасап, құрылыс техникасын айдап әкетті. Алайда оның жылдамдығының төмендігінен қылмыскерлер алысқа ұзап кете алмады, деп хабарлайды қала полициясына сілтеме жасаған РИА Новости.

Оқиға Киев күре жолында орын алған. Жүргізуші құрылыс нысанына бара жатқанда, жолын қылмыскерлер бөгеді. Үш қаскүнем ер адамды қарумен қорқытып, байлап тастап, соққыға жықты. Алайда көлікке мінген олар экскаватордың қозғалыс жылдамдығы қылмыстың ізін жасыруға көмектеспейтінін есепке алмады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Пенза, Мәскеу және Молдова республикасының тұрғындарын ұстап, электрошокер мен газ тапаншасын тәркіледі. Оларға қатысты қарақшылық шабуыл фактісімен қылмыстық қозғалған.

Соңғы жаңалықтар