+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Мәскеуде қарттар үйі өртеніп, төрт адам мерт болды

2020 жылғы 9 сәуір 10:26
Бөлісіңіз:
Мәскеуде қарттар үйі өртеніп, төрт адам мерт болды

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Мәскеуде қарттар үйінде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Тілсіз жаудан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтемесе жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, 3-ші Мякинин көшесіндегі қарттар үйі ғимаратындағы өрт сәрсенбі күні кешке басталды. Өрттің күрделілігі үшінші дәрежелі деп бағаланды.

Мәскеудің батысындағы қарттар үйіндегі өрт басталмас бұрын қазандықта мақта болған. Оның жалпы ауданы – 300 шаршы метр. Бұл туралы журналистерге вице-мэр Петр Бирюков хабарлады, деп жазады ТАСС.

Өрт шыққан кезде ғимаратта 65 адам болған, олардың көпшілігі құтқарылған. 10-нан астам адам жарақат алды.

«Зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды. Осылайша, қаза болғандардың саны төртке дейін өсті», - дейді агенттіктің дереккөзі.

Мәскеу бойынша ТЖМ ММ Өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары Максим Латаев өрт сөндірушілер адамдарды жанып жатқан үйден алып шыққанын хабарлады.

Оның айтуынша, бірінші өрт-құтқару бөлімшесі келген кезде біріншіден төртінші қабатқа дейін өте қатты түтін шыққан. «Түтін созылған арақашықтықта ештеңе көрінбеген. Қозғала алмайтын көптеген адам көмек сұраған. Барлық күш оларды құтқаруға жіберілді»,- деп атап өтті ол.

Адамдарды құтқару үшін «Феникс» (тыныс алу органдарын қорғауға арналған) және құтқару қалпақшалары да қолданылған. Сонымен қатар, «Үшінші жас» қарттар үйінің құтқарылған қызметкерлері қалалық әлеуметтік қорғау мекемелеріне орналаса алады, мәскеулік билік жағдайды бақылауда ұстайды. Бұл туралы журналистерге бейсенбі күні Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракова хабарлады.

«Тілсіз жаудан зардап шеккендердің барлығына қалалық әлеуметтік қорғау мекемелеріне орналастыру ұсынылды. Әрқайсына қажет болған жағдайда психологиялық немесе медициналық көмек көрсетіледі. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз», - деп атап өтті вице-мэр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT