Мәскеуде қардың толассыз жаууы салдарынан 130-дан астам әуе рейсі тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу әуежайларында қардың толассыз жаууы салдарынан 130-дан астам әуе рейсі тоқтатылып, тағы 30-ы кейінге қалдырылды.

Аэродромды қардан тазалау жұмыстары әрбір 25 минут сайын жүргізілуде, деп хабарлайды Би-би-си. Қар тазалау техникасының жұмысы кезінде ұшақтар күту режимінде тұрады. Ең көбі - 105 рейс Домодедово әуежайында тоқтатылды.

Мәскеудегі қалың қардың түсуінен туындаған кептелістер де шегіне жетті. «Яндекс. Кептелістер» сервисінің мәліметтерінше, жолдардың түске дейінгі кептелісі биылғы жылы бірінші рет ең көп көрсеткіші - 10 балға дейін жеткен.

Синоптиктердің болжамынша, бейсенбі күні қаладағы қар жамылғысының биіктігі тоқтамай жауып тұрған қар салдарынан 20 сантиметрге жетуі мүмкін.

Құтқарушылар Мәскеуде қардың түсуі мен бұрқасын салдарынан ағаштар құлап, электр тасымалдау желілерінің үзілуі мүмкін екенін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар