Мәскеуде ірі коммуналдық апат болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасында 2 мыңнан астам тұрғын үй жылу құбырындағы апат салдарынан жылу мен ыстық судан ажыратылды. Оларды резерв жүйеге қосу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ТАСС  агенттігі.

«Апаттан соң 2 мыңнан астам тұрғын үй жылу және ыстық сусыз қалды. Коммуналдық қызмет мамандары оларды жылумен қамтамасыз етудің  резервтік жүйесіне ауыстырды, үйлерді қосу біртіндеп жүргізілуде», - деп түсіндірді агенттікке мәлімет беруші. 

Измайлово ауданындағы үйлер жылусыз қалған. «Сиреневой бульвары және үшінші Саябақ көшесіндегі пәтерлерде жылу жоқ. Жылу батереялары суық» - деді тұрғындардың бірі. Гольяново ауданының тұрғындары ыстық сумен жылуддың жоқтығын айтып шағымданып отыр.
Сәрсенбі кешке Мәскеу қаласының шығысындағы Иркутская көшесінде диаметрі 800 мм жылу құбыры жарылған. Жоғары қысымды ыстық су берілетін құбыр апатынан адамдар зардап шегіп, күйіп қалған. 

Соңғы жаңалықтар