Мәскеуде Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне билеттер сатыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының 22-сінде Димаш Құдайберген Мәскеу қаласындағы Кремль сарайының сахнасында жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Билеттерді бүгінен бастап www.icetickets.ru сайтынан сатып алуға болады. 22 наурыз. Ресей. Мәскеу. Кремль сарайы», - деп жазды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Бұрын хабарланғандай, Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі және «Жібек жолы мәдениетінің Елшісі» атанды.

Соңғы жаңалықтар