Мәскеуде Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -  29 маусым күні Мәскеудегі Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесінде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған архитектуралық көрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. 

Көрменің ашылу салтанатына Ресей Федерациясының Қаржы министрі Антон Силуанов пен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысады.

Көрме эскпозициясы Астананың қалыптасу тарихын, оның қазіргі айнасын, келешектегі дамуы мен инвестициялық әлеуетін танытады.

Экспозиция 4 блоктан тұратын болады. Онда нысандар құрылысының қалалық және жеке жобалары, интерактивті материалдар мен презентациялар, суреттер мен нобайлар, стендтер мен макеттер көрсетіледі.

Ашылу салтанаты 29 маусым күні сағат 10.00-де ХШЖК (Бейбітшілік даңғылы, 119), №75 павильонның  «А» блогында өтеді.

Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында толық жаңартудан өткен «Қазақстан» павильонының тарихи бөлімі ашылады.

Шараға қатысушылар заманауи архитектураның үлгісі ретінде қайта жөндеуден өткен павильонның ғимаратын тамашалай алады.

ХШЖК қонақтары ұлттық кәсіп жәрмеңкесі, қазақ ауылының көрінісі, ежелгі дала дәстүрін дәріптейтін музыкалық бағдарламаларды қамтитын мерекелік концертті тамашалай алады.

 

Соңғы жаңалықтар