Мәскеуде Асқар Мамин мен Дмитрий Медведев кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

«Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген», делінген хабарламада.

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.

Соңғы жаңалықтар