Мәскеуде алаяқтар жасанды алтынның 42 құймасын сатуға әрекеттенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың жедел қызметі жасанды алтын сатушыларды ұстады. Алаяқтардан жалған бағалы металдың 42 құймасы алынды.

РФ ІІМ-нің өкілі Елена Алексееваның айтуынша, ер адам құқық қорғау органдарына өзіне алтын құймаларын жақсы бағамен сатып алу ұсынысы жасалғаны туралы хабарлаған. Қылмыскерлер 42 алтын кесегін 1,5 млн. рубльге сатып алуды ұсынған. Полиция қызметкерлері заңсыз саудагерлерді қылмыс үстінде ұстауды ұйғарды.

«Жедел қызметкерлердің бақылауымен өткен кездесуге құймалар салынған сөмкені ұстаған екі шетелдік азамат келді. Қаскүнемдер сатып алушыға бағалы металды тапсырып, ақша алып жатқан кезінде ұсталды», - деп хабарлады Алексеева.

Шетелдік азаматтардың алтын деп алдап, кәдімгі кәдесыйларды сатпақ болғаны анықталған. Алынған кәдесыйлар сараптамаға жіберіліп, соның барысында тауардың құрамында бір грамм да алтын жоқ екені, мыс, мырыш, қалайы қоспасынан тұратыны белгілі болды.

Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар