Мәскеу-Петропавл арасындағы алғашқы әуе рейсі ұшып келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мәскеу-Петропавл-Мәскеу бағытында жаңа әуе рейсі ашылды. Әуе кемесі аптасына бір рет - сәрсенбі күндері ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Петропавл халықаралық әуежайы Мәскеу қаласынан ұшып келген алғашқы рейсті қарсы алды. 22 жолаушы Ресей астанасынан ұшып келсе, 33 адам Мәскеуге сапар шекпек. «ИрАэро» компаниясының әуе кемесі 100 адамға шақталған. Әуе кемесі Петропавл қаласынан таңғы 8.00-де ұшса, Мәскеуден 00.50-де қайтады. Жолда шамамен 3-4 сағат болады. Билет құны - 45 мың теңге.

Жалпы, қазір Петропавл халықаралық әуежайынан Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентке рейстер бар. Маусымның 8-інен бастап Петропавл қаласынан Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына алғашқы чартерлі рейс ұшады.

Соңғы жаңалықтар