Мәскеу метросының жолаушылары Қазақ тарихына тәнті болды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - РФ астанасы Мәскеу метросындағы «Выставочная» стансасында «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі ашылды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Шығармашылық жоба қор тарапынан ұйымдастырылған байқауда топ жарып, авторлары грант ұтып алды. Жас мамандар тобы екі жыл бойы Алтай мен Атырау, Астана мен Алматы арасында көсіліп жатқан қазақтың дархан даласындағы тарихи, мәдени орындар мен қорықтарды аралап, фотошежіре жинақтады.

Экспозиция барысында «Arkaiym» Neo-Ethno-Folk тобының көмекей дауыспен шырқаған туындысы естіліп тұрды.

Фотокөрме бір ай бойы жалғаспақ. Келер жылы экспозиция АҚШ пен Еуропа елдері метроларында орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар