Мәскеу маңындағы мектепте оқушы оқ атып, жасанды жарылғышты іске қосқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Мәскеу облысы Ивантеевка қаласындағы №1 мектебінде 5 қыркүйекте жасөспірім пневматикалық қарудан ғимараттағыларға қарсы оқ атқан. Оқушы ұсталды, бастапқы мәлімет бойынша шабуылдан төрт адам зардап шеккен. Бірі мұғалім, қалғаны оқушылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып .

Шабуыл жасаған күдіктінің аты Михаил, оның жасы 15-те.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан оқушы қыздың бірі RT телеарнасына, күдіктінің тұйық адам екендігін мәлім еткен. Оның айтуынша, «жасөспіріммен араласқан құрбылары оқушы шабуыл жасауды көздеп жүргенін айтқанымен оған ешкім сенбеген».

ТАСС агенттігінің дерек көзіне қарағанда, құқық қорғаушы органдар тоғызыншы сынып оқушысы «5 қыркүйекте шабуыл жасауды көптен бері жоспарлаған» деп мәлім еткен.

Шабуылдың қалай болғаны әзірге нақты белгісіз, оқыс оқиға туралы ақпаратты БАҚ жергілікті уақытпен сағат 11:00-де тарата бастаған. Ивантеевка қаласының басшысы Елена Ковалёва мектепте «теракт жасалмағандығын» мәлім ете отырып, оқушы ұстазымен кикілжіңге барып,  шектен шығып кеткендігін хабарлаған.

РБК агенттігінің ТЖМ-дағы дереккөзіне сенсек, кемінде төрт адам зардап шеккен. Математика және информатика мұғалимасы Любовь Калмыкова (39 жас) басынан жарақат алған (ауыр пышақпен соққы жасалған), 17 жастағы М.Виктория тобығын шығарып алған, 16 жастағы Б.Вячеслав - екі иығын сынған, С.Алёнаның белі зардап шеккен.

Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген, мұғалима жансақтау бөлімінде жатыр.

Мектеп әкімшілігінің мәлімдеуінше, ғимараттағылар эвакуацияланған. Мекемеден 300 адам сыртқа шығарылған.

Полиция мылтық атып, жарылғыш заттарды жарған жасөспірімді ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ресейдің тергеу комитеті оның үстінен бұзақылық бабының жарылғыш заттар қолдануы бойынша қылмыстық іс қозғады, бұл бапта 5-8 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Мектеп жабылды, балалар үйлеріне қайтарылды. Сабақ 6 қыркүйекте басталуы мүмкін. Ал, мектепті күзететін фирмамен келісімшарт  бұзылды. Тергеушілер мектепті және оның басшылығын тексеруге кірісті. 

Соңғы жаңалықтар