Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Мәскеу маңында ұшақ апатты күйде қонып, 55 адам зардап шекті

2019 жылғы 15 тамыз 16:30 108
Бөлісіңіз:
Мәскеу маңында ұшақ апатты күйде қонып, 55 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-ТАСС – Ресейдің «Уральские авиалинии» әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағы Жуковский әуежайы аумағына апатты күйде қонды. Ұшақ Симферопольге ұшып бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да полиция қызметкері жүкті әйелді перзентханаға жеткізді Алматыда  троллейбус жанып кете жаздады Тауға шыққан туристерге жай түсіп, бірнешеуі ажал құшты

Жедел қызмет дерегі бойынша, ол жолақтан бір шақырым қашықтықта, Рыбаки ауылына жақын жердегі жүгері алқабына қонған. Барлық жолаушылар эвакуацияланды.

Ұшақтың бортында 230 адам, соның ішінде 223 жолаушы - 41 бала болған.

Жедел қызметтегі дереккөздің мәліметінше, ұшақтың қозғалтқышы өртене бастаған. Ал, борт өрттен аман қалған. Ұшақтың қозғалтқышы қонып жатқан кезде жанып, түсіп қалған.

Әуе компаниясының бас директоры Сергей Скуратов апаттық қонудың дұрыс орындалғанын, ұшқыштардың әуе кемесінің өртеніп кетуіне жол бермегенін хабарлады.

Оқиға салдарынан 55 адам, соның ішінде 17 бала зардап шекті. Алты адам, соның ішінде бесеуі (біреуі бала) Раменский ауруханасына, бірі – Жуковский ауруханасына жеткізілген. Адамдар жеңіл жарақат алған. Барлық жолаушылар сақтандырылған, сондықтан өтемақы алады.

Оқиға орнында 20 жедел жәрдем бригадасы және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Әуе тасымалдаушының бас директоры Сергей Скуратовтың дерегі бойынша, ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққан. Оған құс кіріп кеткен. Ұшақ айтарлықтай зақымдалып, таяу уақытта рейс жасамайды. Қонып жатқан кезде оның тонналаған отыны ағып кеткен.

Көлік прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT