Мәскеу маңында сауда орталығы өртеніп, 1 адам қаза тапты

None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеу маңындағы «Мега Химки» сауда орталығындағы OBI гипермаркетінде ірі өрт болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өрт таң ата шыққан. Өрт алғашқыда 250 шаршы метр аумақты шарпыған, кейін 7 мың, одан кейін 18 мың шаршы метрді шарпыған. Соңғы ақпарат бойынша, 7 мың шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықталды. Жанып жатқан гипермаркетте жарылыс болып, гипермаркет толық қираған.

Өрт кезінде газ баллонының жарылуы мүмкін екені айтылуда.

Фото: tass.ru


Соңғы жаңалықтар