Мәскеу маңында Қазақстаннан келген көліктен 3 ер азаматтың мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу облысының Чехов ауданындағы ауылдардың бірінде көліктен 3 ер адамның мәйіті табылды, деп жазады ТАСС. 

«Чехов ауданының Новоселки ауылында көліктен үш ер адамның мәйіті табылды. Олардың неден өлгені анықталу үстінде»,-деп хабарлады шұғыл жағдай қызметінің өкілі.

Өз кезегінде РФ ІІМ Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасы ер адамдардың денелерінің табылуы туралы фактіні растады. Осы оқиға бойынша тергеу комитеті тексеру жұмыстарын бастады.

Мәйіттер табылған көлік Қазақстаннан келген, деп хабарлады Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы жетекшісінің көмекшісі Ольга Врадий.

Ол сенбі күні Новоселы ауданында тұрақта тұрған фургоннан 3 азаматтың мәйіті табылғанын және олардың денелерінен күштеп өлтірудің белгілері болмағандығын айтты. Көліктің кабинасында мерт болған азаматтар пайдаланған газ шамы табылған.

Олар газдан уланып қалуы мүмкін, алайда олардың өлімінің нақты себебі арнайы сараптаулардан соң белгілі болады.

«Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, процессуалдық шешім қабылданады», деді тергеу басқармасының өкілі.

Соңғы жаңалықтар