+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Мәскеу: Коммунаркада коронавирустан бір адам көз жұмды

2020 жылғы 30 наурыз 12:12
Бөлісіңіз:
Мәскеу: Коммунаркада коронавирустан бір адам көз жұмды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Коммунаркадағы медициналық орталықта соңғы бір тәулікте екі адам қайтыс болды, деп мәлім етті ауруханының бас дәрігері Денис Проценко өзінің Facebook парақшасында. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропадағы коронавирус: Сарапшылар неге алаңдап отыр Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді Грузиядағы биліктегі партия парламент сайлауында жеңіске жетті

«Соңғы күнде бізде екі адам қайтыс болды. 80 жастағы бір науқасқа коронавирус, пневмония, гаматурия диагнозы қойылды. Пациент төрт күн бойы жасанды тыныс алу аппаратында болды «, - деп жазды ол.

Проценко қайтыс болған екінші пациенттің 69 жаста екенін атап өтті. Науқасқа созылмалы диабет диагнозы қойылған. Ол үш тәулік бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған.

Қазіргі уақытта Коммунаркада 348 адам ем қабылдап жатыр.

Коронавирус ауруының өршуі 2019 жылдың желтоқсан айында Орталық Қытайда басталған. Кейіннен 160 елге таралды. ДДСҰ оны пандемия деп атады.

Соңғы деректер бойынша әлем бойынша 630 мыңнан астам адам вирус жұқтырған, 30 мыңнан астамы қайтыс болған. Ресейде коронавирус жұқтырудың 1534 жағдайы тіркелген, сегізі көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT