Мәскеу дәрігерлері алматылық әріптестерінің біліктілігін жоғары бағалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» арнасында өткен тікелей эфирде мәскеулік дәрігерлердің алматылық әріптестерінің жұмысын қалай бағалағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз коронавируспен күрес кезінде Мәскеу мэриясына хабарластық. Мәскеулік әріптестерімізді өзара тәжірибе алмасу мақсатында шақырдық. Біздің ұсынысымыз жерде қалған жоқ. 25 маман Алматыға келіп, 2 аптадай жұмыс істеді. Олар Алматыдағы барлық ауруханада аудит жүргізді. Ресейде сәуір-мамырда ахуал қиын болатын. Біз өтіп жатқан қиындықты олар сол айларда бастан өткерген болатын», - деді әкім.

Қала әкімінің айтуынша, мәскеулік дәрігерлер эшелондау тәртібі туралы ұсыным берген.

«Бастапқы кезде оларда да орын жетіспеушілігі болған. Олар науқастарды қабылдайтын ауруханаларды эшелонға жіктеп барып процесті тұрақтандырған. Мәскеулік әріптестеріміз біздің мамандардың біліктілігін жоғары бағалады. Алматылық реаниматолог пен инфекционистердің дайындығы өте жақсы», - деді қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаев шетелдік әріптестермен байланыс одан әрі жалғасатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар