Мәскеу-Бейжің жылдамдығы жоғары магистралі Қазақстан арқылы өтуі ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу-Бейжің жылдамдығы жоғары магистралі Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін, деп мәлімдеді сейсенбі күні РФ-ның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Андрей Денисов. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Мамандар Мәскеу-Қазан жоғары жылдамдықты магистралін табысты іске асырған жағдайда бұл темір жолды одан ары оңтүстік-шығысқа қарай жалғастырып, Қытайға дейін жеткізуге болатындығын айтып отыр. Сол арқылы Ресей мен Қытай Қазақстан аумағы арқылы қосылып, жаңа Жібек жолы бағытының құрамдас бөлігі болуы мүмкін тағы бір көліктік кестені құруға болады», - деді дипломат.

Соңғы жаңалықтар