Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады
Өз кезегінде, елорда тұрғындары арасында жүргізілген блиц-сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі маска қорғаныс ретінде қажет екеніне және оны жабық ғимарат ішінде кию керек екендігіне сенімді. «Меніңше, сыртта маска тағу қажет емес, өйткені таза ауа одан да маңызды. Иә, жабық ғимарат ішінде әлеуметтік қашықтық сақтау, маска тағу керек, бірақ көшеде міндетті емес», - дейді қала тұрғыны. «Мен жағалауда, адам көп емес жерде таза ауамен дем алу үшін масканы шешемін. Менде вирус болуы мүмкін ғой, сондықтан адамдар арасында маска тағып жүремін», - дейді тағы бір елорда тұрғыны.
Естеріңізге сала кетейік, жабық, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дүкендер мен дәріханаларда, медициналық мекемелерде маска тағу міндетті. «Маска тағу COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін өте маңызды. Маска тағудың дұрыс тәртібін сақтау керек және әр екі сағат сайын ауыстыру қажет», - деп түсіндіреді терапевт Азиза Алданбаева.
Еске салайық, Қазақстанда карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.