+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Маска тақпаған жолаушыны Атырау-Ақтау әуерейсінен түсіріп тастады

2020 жылғы 4 тамыз 16:56
Бөлісіңіз:
Маска тақпаған жолаушыны Атырау-Ақтау әуерейсінен түсіріп тастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне «Qazaq Air» АҚ әуекомпаниясының өкілінен «Атырау-Ақтау» бағытындағы ұшаққа отырғызу кезінде тәртіп бұзған жолаушы анықталғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобландиннің хабарлауынша, тексеріс кезінде полицейлер командир мен экипаж мүшелерінің айтқанын орындамай, маска тағудан бас тартып карантин ережесін бұзған 60 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады.

Сараптама барысында азаматтың ішімдік ішкені анықталды. Тәртіпке бағынбаған жолаушыны ұшақтан түсіріп тастады.

«Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК- нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы (ұшақта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК (22 224 теңге-ред.) көлемінде айыппұл салынды», - деді полиция полковнигі.

Сондай-ақ жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ол Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT