Маска тақпаған Бразилия президенті айыппұл төледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилия президенті Жаир Болсонару қоғамдық шараға маска тақпай шыққан. Пандемияға байланысты енгізілген санитарлық талаптарды бұзғаны үшін президентке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Сенбі күні Болсорану Сан-Паулу көшелерінде өз жақтастары қатысқан мотожарысты басқарды. Ол өз мотоциклінен, содан кейін жүк көлігінен жиналған көпшілікпен амандасты.

Президент консерваторы жақтастарының бастарында шлем болды, бірақ көпшілігі маска тақпаған, олар вакциналанған адамдар үшін маскалар пайдасыз деп ұрандатты. Мұнымен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың көпшілігі келіспейді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Болсонаруды қолдау акциясына 12 000 мотоцикл қатысты. Сан-Паулу штаты үкіметінің баспасөз қызметі 2020 жылдың мамыр айынан бастап қоғамдық орындарда маскаларды тағуды талап ететін ережелерді бұзғаны үшін Президентке 110 АҚШ доллар мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Бұған дейін Болсонаруға Мараньяо штатының солтүстік-шығысындағы жақтастарымен мамыр митингісі кезінде маска тақпағаны үшін айыппұл салынған болатын. Осы штат пен Сан-Паулу губернаторлары коронавирустың таралуын болдырмауға арналған шектеу шаралары туралы мәселеде Болсонаруға қарсы.

Соңғы жаңалықтар