Маска тағып жүру жаңа мәдениетке айналады – Алмаз Шарманов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Маска тағу болашақта жаңа мәдениетке айналуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қазақстан профилактикалық медицина Академиясының Президенті Алмаз Шарман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, маска тағып жүру болашақта жаңа мәдениетке айналады. Бұнда тұрған ешқандай сөкеттік жоқ. Ыңғайсыздық тудыратыны рас. Алайда, Оңтүстік Азия елдерінде болған азаматтар біледі. Ол жақта адамдар бұрыннан маска тағады», - деді ол.

Алмаз Шарманның айтуынша, шетелдік сарапшылар маска тағудың коронавирустың екінші толқынының серпінін азайтуға септігін тигізеді.

«Маска вирустан қорғауға 100 пайыз кепілдік бермесе де, вирустық жүктемені азайтады. Яғни, егер адамның ағзасына кішкентай 1-2вирус түскен жағдайда, ол ағзада антидене түзілуіне мүмкіндік береді», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар