+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Маска тағу, қол алыспау – Құрбандық шалатын орын мен қасапшыға қандай талаптар қойылады

2021 жылғы 15 шілде 17:10
Бөлісіңіз:
Маска тағу, қол алыспау – Құрбандық шалатын орын мен қасапшыға қандай талаптар қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар құрбандық шалатын қасапшы мен қасапханаға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Діни экстремизм идеологиясына ергендер адам өлтіруден тайынбайды - теолог-ғалым

«Қасапханаға міндетті түрде бетперде тағып кіріп, антисептик заттарын барынша пайдалану керек. Арақашықтықты қатаң сақтау, бір-бірімен қол алыспау, дене қызуы 37 градустан жоғары, тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдарға келмеу және жасы 65-тен асқан қариялардың, әйелдер мен балалардың құрбан малын шалатын орындарға бармауы сұралады», - деді Ершат Оңғар Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, қасапшы мұсылман болуы керек, кәмелетке толған, физикалық және психикалық тұрғыда сау, мал союды жақсы меңгерген болуы қажет.

«Сойылатын жерге малды қинамай апару керек. Пышақты мал алдында қайрауға, өтпес пышақпен союға, бір малдың көзінше басқа бір малды бауыздауға болмайды. Малды құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызып, екі алдыңғы аяғы мен бір артқы аяғын қоса байлау керек. Бірден өңештің екі күретамырын кесіп, жаны шыққанын күту керек. Жаны шықпай тұрып, терісін алмаңыздар. Сойылған малдың терісі мен ішек-қарнын аяқасты етпей, барынша қолдануы шарт», - деп түсіндірді наиб мүфти.

Қасапханаға келетін адамдардың дене қызуын өлшенеді, антисептик пен маска қойылады.

«Қасапханаға толымдығын 30 пайыздан асырмай, кемінде 1 метр ара қашықтықты білдіретін сызықтар сызу қажет. Ақпарат тақтасын жасау немесе қабырғаға қажетті мәліметті ілу, қауіпсіздік ережелерімен танысу және мал сойылатын жерлердің таза болуы да талап етіледі», - дейді Ершат Оңғар.

Бұған дейін наиб мүфти құрбандық шалатын орындарға бару үшін алдын ала жазылу қажеттігін ескерткен еді.

Сондай-ақ, биыл құрбандық шалатын арнайы орындарда «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі барлар ғана кіргізіледі.

Бас мүфтидің айтуынша, qurban2021.kz сайты бүгін сағат 15:00-де іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні яғни 22-ші шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыстарын бере алады. Осы сайт арқылы республика бойынша мұқтаж жандар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT