+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маска бағасын арзандатуға тырысамыз – Людмила Бюрабекова

2020 жылғы 7 тамыз 13:23
Бөлісіңіз:
Маска бағасын арзандатуға тырысамыз – Людмила Бюрабекова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта медициналық масқа бағасы 60 теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды Қазақстанда осы уақытта 3690 адам коронавирустан емделіп жатыр Қазақстанда өткен тәулікте 55 адам коронавирустан жазылып шықты

«Шындығында ақпанда маска бағасы 15 теңге еді. Ол кезде індет өршіп тұрған болатын. Барлық елдер, оның ішінде Қазақстан да жеке қорғаныш заттарын экспортқа шығаруды тоқтатты. Дегенмен, жеке қорғаныш заттарын, маскаларды шығаратын отандық өндірушілер болғанымен біз импортқа тәуелдіміз. Біз сырттан, оның ішінде Қытайдан әкелінетін шикізатқа тәуелді болып отырмыз. Сол уақытта шикізат қолжетімді болмады. Отандық өндірушілеріміз өздерінің ұзақмерзімді келісімшарттары аясында медицина қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді», -деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сол кезде отандық нарықта маска тапшылығы орын алып, Денсаулық сақтау министрлігі отандық өндірушілермен өнімді өндіру қуатын арттыру туралы келіссөздер жүргізді.

«Мемлекет медициналық маска бағасын реттемейді. Төтенше жағдай режимі кезінде шекті бағаны бекіту туралы шешімді мемлекеттік комиссия нарықты тұрақтандыру үшін қабылдады. Естеріңізде болса, сол уақытта кейбір адамдардың алаяқтық әрекеттері орын алды. Сондықтан осындай шешім қабылданып, маска бағасы 118 теңге болып бекітілді. Нарық ашылып, шикізат пайда болғаннан кейін де маска қымбаттауын тоқтатпады. Фармацевтика өнеркәсін қадағалайтын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бізге ұсынған мәліметтеріне сәйкес, шикізат 20-25 есе қымбаттаған. Сондықтан маска бағасы бұрынғы 15 теңге деңгейіне түспейді. Қазіргі уақытта өндірушілерімізден маска бағасын төмендету үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Таяу уақытта маска бағасы 60 теңгеге дейін арзандап қалуы мүмкін», - деді Людмила Бюрабекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT