Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 желтоқсан күні түнде қазақстандық KazSTSat микрожерсерігінен ғарышта түсірілген алғашқы сурет алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 32 минутта Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 зымыран-тасығышы ұшырылды. Ол зымыран-тасығыш орбитаға шағын спутниктер мен кубсаттарды алып шықты.

Ұшырылған қазақстандық екі ғарыш аппаратының біреуі - KazSTSAT - салмағы 100 келілік технологиялық маңызды спутник. Шағын спутник SSTL-X50 алаңында құрастырылған. Орбитаның биіктігі - 542 шақырым. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) ағылшын компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.

Қазақстанның екінші ғарыш аппараты - салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік аумағын өлшеуге арналған.

Оңтүстік Америка аумағының үстімен ұшып өткен KazSTSat Аргентинаның оңтүстігіндегі ірі кемежай - Рио-Гранде қаласын суретке түсіріп алған. 

Автор:

Дамир Байманов

Соңғы жаңалықтар