USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

МӘСҚ вирус жұқтырған 1,5 мыңға жуық медицина қызметкеріне ақша төледі

2020 жылғы 14 қыркүйек 13:53
Бөлісіңіз:
МӘСҚ вирус жұқтырған 1,5 мыңға жуық медицина қызметкеріне ақша төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19-бен күресуге тартылған 1487 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде 210 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға көрінген Біртанов ісі: Сот Денсаулық сақтау министрлігінің өкілін алдын ала тыңдау процесінен шеттетті Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жұмыс істеген жедел жәрдем қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетіледі

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 20 медицина қызметкерінің туыстарына да төлемдер аударды.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі»-делінген хабарламада.

14 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1487 медицина қызметкерінің және аурудың салдарынан қайтыс болған 20 медицина қызметкерінің өтініш бойынша қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына байланысты төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (261) және Алматы қаласынан (197), Алматы (127), Ақмола (122) және Қарағанды (110) облыстарынан жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT