Мәсімов Антитеррор орталығының отырысын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының XIX отырысын өткізді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов және Бас прокурор Жақып Асанов қатысты.

Отырысқа қатысушылар Елбасының «Қазақстанның киберқорғанысы» киберқауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шараларын қарастырды.

Идеологтар мен деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылардың қызметін бейтараптандыру тиімділігін арттыру жұмысының жағдайы мен қосымша шаралары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттама шешімдері пысықталды және қабылданды.

Соңғы жаңалықтар