Машкевич ақтөбелік металлургтердің жұмыс нәтижесіне алаңдап отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбеге келіп, ферроқорытпа зауыты мен «Дөң» кен байыту комбинатының жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Еуразиялық топқа Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен «Дөң» кен байыту комбинаты кіреді. Екі өндіріс орнында 12 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Өткен жылы компания, облыс әкімдігі мен кәсіподақ жұмыс орнын қысқартпау, өнім көлемін төмендетпеу, әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеу туралы өзара серіктестік меморандумына қол қойған болатын.
null

«Қазхром» ТҰК» АҚ-на тиесілі Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен «Дөң» кен байыту комбинаты бұл келісімнің барлығын орындады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, мұндағы орташа жалақы 184 мың теңге. Хром өндірісі - 8, ал феррқорытпа өндірісі 13 пайызға артқан. Дегенмен бұл көрсеткішке Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің көңілі толмады.
«№4 цехқа байланысты шешімі табылмай тұрған мәселе бар. Біз жоспардан, кестеден жаңылысып кеттік. Жоспар бойынша №4 іске қосылған кезде әлемдік нарықта жаңа жетістікке жетуді, тұтынушыларға жеткізетін өнім көлемін арттыруды келіскен едік. Өкінішке қарай, бұл жоспар орындалмады. Зауыт құрылысы үшін шамамен 1 миллиард доллар қаржы салынып, нәтиже күтілді. Бірақ компания басшылығы келісімді орындай алмады»,- деді Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
null

Ол «Дөң» кен байыту комбинатынадағы жұмысқа да сын айтты. «Субьективтік, обьективті себебі бар. Бірақ Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде мені бұл қызықтырмайды. Маған нәтиже қажет. Өйткені, нәтижеге қол жеткізе алмаған соң оған түрлі сылтау табылады»,- деді Машкевич.

Айта кетейік, Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №4 цех 2014 жылы іске қосылды. 2015 жылы зауыт жалпы 438 мың тонна, 2016 жылы 495 мың тонна ферроқорытпа өндірілді.
null

«№4 цехта 150 мың тонна ферроқорытпа өндіруді жоспарлаған едік. Бірақ 142 мың тонна ғана өндірілді. Жаңа технологияны енгзігу қиынға соғып тұр. Ал келер жылы 695 мың тонна ферроқорытпа өндірілсе, №4 цехтың үлесі 300 мың тонна болады»,- деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль.

Жыл қорытысынан соң Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен зауыт басшылығы, кәсіподақ үшжақты меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар