Машина жасау саласында ең көп жалақыны кімдер алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың үшінші тоқсанында машина жасау саласында электр жабдығын өндіретін жұмысшылар саны бір жылда 2,1%-ға, яғни 7,1 мың адамға қысқарған. Автомобиль, тіркеме және жартылай тіркеме өндіретін жұмысшылар саны керісінше бір жылда 5,6%-ға, 3,9 мың адамға дейін артқан. Компьютер, электрондық және оптикалық жабдық өндірісімен 530 адам айналысады – бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Машина жасау саласындағы ең көп атаулы жалақыны көлік құралдарын өндіретін жұмысшылар алады: 293,9 мың теңге – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,5%-ға көп.

Компьютер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісіндегі жұмысшылар 274,4 мың теңге, электр жабдықтары — 229,1 мың теңге, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер — 249,7 мың теңге алады.
Сарапшылар құрастырған ҚР жаңа кәсіптер атласына сәйкес, 2020 жылы машина жасау саласында 3D-баспа материалтанушы сияқты жаңа мамандық пайда болуы тиіс еді. Алайда, HeadHunter.kz сияқты порталдарда ондай мамандық кездескен жоқ.
2025 жылға қарай секторда теориялық тұрғыдан BIG DATA (өнеркәсіптік) талдаушылары, киберқауіпсіздік мамандары (өнеркәсіптік), кері жобалау инженер-конструкторлары (реверс-инженерлер), болжамды диагностика мамандары пайда болуы тиіс.
2030 жылға қарай өнеркәсіптік робототехника инженер-конструкторлары мен виртуалды прототиптеу мамандары пайда болады деп күтілуде. 2030-2035 жылдары радиофотоникалық құрылғыларды жобалаушы инженерлер мен нанофотоника және метаматериал мамандары ашылады деп болжануда.
Сарапшылардың пікірінше, тағы 13 мамандық өзгеруі тиіс.
2025 жылы слесарьлар мен жөндеушілердің орнына модульдік жөндеу операторлары, сапаны бақылау техниктерінің орнына — 2.0 сапаны бақылау техникасы, дәнекерлеушілердің орнына — дәнекерлеу жабдықтарының операторлары алмастыруы тиіс.
Сонымен қатар, 2025 жылы атлас сарапшыларының болжамы бойынша, шот жүргізуші және есепші көмекшісі сияқты мамандық жоғалады. Машина жасауда бухгалтерлер көмекшілерсіз жұмыс істеуге мәжбүр болады.


Соңғы жаңалықтар