+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Машина жасау саласында 120 мың қазақстандық жұмыс істейді

2021 жылғы 22 қыркүйек 12:14
Бөлісіңіз:
Машина жасау саласында 120 мың қазақстандық жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің машина жасау саласында 120 мың қазақстандық еңбек етіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында айтты.

«Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында салада 4 есе өсім байқалып, ең жоғары қарқын көрсетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі саланың үлесі 9%-дан 14%-ға дейін артты.

Салада 3 мыңнан астам кәсіпорын, оның ішінде 64 ірі, 102 орта және 3020 шағын компания жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол әсіресе атомобиль жасау саласында елеулі серпін болғанын еске салды.

«Саланың автомобиль жасау – өсім 40 есе, ауыл шаруашылығы машинасын жасау – өсім 12 есе, темір жол машинасын жасау – өсім 8 есе сияқты секторлары серпінді дамуда. Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде 470 млрд теңгеге жуық сомаға 150-ден астам жоба іске қосылды. 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды», - деді Марат Қарабаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT