Машина жасау 12 пайызға артады - Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл машина жасау саласы 12 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласы бойынша 12 пайызға өседі деп күтілуде. Көлік құралдары өндірісінің көлемін 34, аккумуляторларды 11, темір жол вагондарын 127, ауыл шаруашылығы техникасын 58 пайызға ұлғайту жоспарланған. Негізгі өсім автомобиль жасау секторы есебінен қамтамасыз етілетін болады. Оның үлесі машина жасау саласында 35 пайызды құрайды», - деді министр,

Оның атап өтуінше, биыл отандық өндірушілерден сатып алынған автомобильдерді лизингтік қаржыландыру бағдарламасы жалғастырылады. Ол үшін 35 млрд теңге бөлінген.

«Сондай-ақ лифтілер, электр және мұнай-газ жабдықтары, автобустар сынды машина жасау тауарларын ұлттық режимнен алып қою белгіленеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Соңғы жаңалықтар