Мәселені прокуратура мен техқадағалау органдары алдында көтеру керек - Айдос Сарым

None
Бұл жерде мәселе кешенді сипат алып отыр. Ең алдымен инвестордың ұстанымы маңызды. Екіншіден, мемлекеттік техникалық бақылаудың кемшіліктері көрініп тұр.

Шахтер - ең қауіпті мамандықтардың бірі екені түсінікті. Дегенмен әлемдік тәжірибе, заманауи технологиялар бар.

Егер саяси ерік-жігер пен инвестиция болса, көп мәселенің шешімін табуға болар еді.

Сондықтан менің ойымша, қоғамдық бақылауды күшейтуді талап ету керек.

Инвесторға техникалық қауіпсіздік пен жабдықтарға, мониторинг жүйесіне көбірек қаржы бөлуі үшін қандай да бір санкциялар қабылдау қажет.

Бұл өндіріс орнында жарақат алу қаупін азайту үшін қажет.

Заңнамаға қатысты мәселе жоқ, заң бар. Заңның күші санкциялар мен шаралар қабылдауға жеткілікті. Мәселе санкцияны қолдануда және оның нақты іске асуында.

Сұрақтарды прокуратура, техникалық қадағалау және тағы басқа органдарға қою керек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімдігі Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жариялады.


Соңғы жаңалықтар