Масаншы мен Сортөбе тұрғындарына мәдени-гуманитарлық акция ұйымдастырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қордай ауданы Масаншы мен Сортөбе ауылының тұрғындарына арналған бірінші мәдени-гуманитарлық акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараны Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театр мен «Үй» қоры ұйымдастырды. Ауыл мектебінің акт залында театр әртістері «Дорогою Добра» поэтикалық-музыкалық спектаклін, ұлы ақын Абайдың шығармаларын, қазақ әндері мен орыс, дүнген билерін ұсынды. Қойылым соңында зардап шеккен отбасының балаларына мектеп формасы, кеңсе заттары, театр атынан мектеп кітапханасына кітаптар табысталды.

Айта кетейік, 27 наурызда Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрда поэт Марина Цветаеваға арналған «Махаббат пен махаббат арасында» атты спектакльдің тұсаукесері өтеді.


Соңғы жаңалықтар