+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Масанчиде қираған үйінділердің астынан адам мүрдесі табылды

2020 жылғы 13 ақпан 13:50
Бөлісіңіз:
Масанчиде қираған үйінділердің астынан адам мүрдесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында қираған үйінділердің астынан адам мүрдесі табылды. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапарбаев төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб отырысын өткізді Бердібек Сапарбаев алғашқы жұмыс сапарын Қордай ауданынан бастады Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысына азық-түлік жөнелтті

«2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыры құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның өртенген мүрдесі табылғандығы туралы ақпарат түсті. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел алдын-алу шаралары жүргізілуде», - деп жазды ол.

Еске салайық , 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық сипаттағы жаппай төбелесті айыптап, арандатушылар бұны одан сайын өршіткенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қордай ауданындағы оқиға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT