Мас жүргізуші ассенизатор рөліне отырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік жүргізген ассенизатор жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.​

30 мамыр күні республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» тасжолының 1907 – 1957 шақырымы аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің жылжымалы патрульдік бекетінің қызмет атқару барысында сағат 07:00 шамасында ГАЗ 53 маркалы автокөлігі (ассенизатор көлігі) жолдың қарсы бетіне шығып, полиция қызметкерлерінің тоқтату заңды талабына бағынбайды.

Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа түсіп, тоқтайды. Полиция қызметкерлері дереу көліктің артынан жүріп, жүргізушінің мас күйде екендігін байқайды. Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Шиелі аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарады. Сараптама қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Сол жерде полицейлер 26 жастағы көлік жүргізушісі Қарауылтөбе ауылының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін) және 596-бабының 1-бөлігімен (көлік құралының жолдың жүріс бөлігіне қарама – қарсы бағытта шығуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ассенизатор көлігі айыптұрағына қойылды. Жинақталған құжаттар тисті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар