+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Мас жүргізуші 10 жылға көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін

2020 жылғы 18 қаңтар 04:00
Бөлісіңіз:
Мас жүргізуші 10 жылға көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында масаң күйде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны 10 жылға көлік басқару құқынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда өткен жылы 26 мыңға жуық көлік құрастырылды Алматы облысының әкімдігінде шу шығарған саударгерлерге уақытша орын берілді ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті

Айта кетейік, қаңтардың 11-нен бастап елімізде мас күйінде көлік басқарған жүргізушілерге жаза қатайтылып отыр. Нақтырақ айтсақ, қылмыстық кодекске мас күйінде жол көлік оқиғасын жасағандарға жауапкершілік күшейту мақсатында жаңа бап (ҚР ҚК 345-1) енгізілді.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қаңтардың 16-да Есіл ауданының аумағында «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тасжолының бойында, яғни Ақсай ауылы маңында болған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы тұрғыны басқарған «ВАЗ-21213» көлігі «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тасжолының 78 шақырымында жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Қаракөл ауылының тұрғыны тізгіндеген «ВАЗ-21053» көлігіне соғылғандығын анықтады. Осының салдарынан екінші көлікте отырған 28 жастағы қыз бен 17 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

«Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша «ВАЗ-21213» жүргізушісі рөлге мас күйде отырғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ҚК 345-1 бабының 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді ведомстводан.

Аталған санкция бойынша мас күйде рөлге отырып, адам денсаулығына орташа ауыр зала келтірілген жол апатына себепкер жүргізушіге 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе түзеу мақсатындағы жұмысқа жегіледі, сондай-ақ 400 сағаттық қоғамдық жұмысқа артылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру немесе 10 жылға дейін көлік басқару құқынан айыру жазасы қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT