Мас жолаушының кесірінен Алматы-Мәскеу рейсі бөгелді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұшақтың бөгелуіне себепкер болған мас жолаушы рейстен түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайында 9 әуе рейсі бөгелді.
4-5 қараған түні әуе рейстерінің кестесінен кешігуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған жоқ.
Мәселен, «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Мәскеу бағытындағы рейс мас жолаушының кесірінен тоқтатылды. Ал Алматы-Астана бағытындағы рейс экипаж толық келмегені себебінен кешігіп шықты.

Толық айтсақ, Air Astana әуе компаниясының:

КС881 Алматы-Орал (Ұшақтың жарамсыздығы)
KC127 Алматы-Ташкент (Жоспарлы техникалық тексеру)
KC991 Алматы-Астана (Экипаждың кешігіп келуі)
KC875 Алматы-Мәскеу (Мас жолаушының кесірінен)
KC859 Алматы-Ақтау (Ұшақтың ауыстырылуы)S

Scat әуе компаниясының:
DV731 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі)
DV733 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі)
DV706 Алматы-Шымкент (05.01 ауыстырылды)

S7 Airlines әуе компаниясы:
S73288 Алматы-Новосібір (Ұшақтың кешігіп келуі).

«Қазіргі таңда әуежайда тігінен 170 м қашықтық, көлденеңінен 2 300 метр қашықтық көрініп тұр. Ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар