Мас жолаушы полиция қызметкерін соққыға жықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манғыстау стансасының темір жол вокзалында мас жолаушы полиция қызметкерін соққыға жықты. Бұл жайында Көліктегі полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство ақпаратына қарағанда, Ақтау стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкері Т.Қарымсақов Маңғыстау стансасының темір жол вокзалында мас күйде жүрген 46 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстаған. Қоғамдық тәртіп сақтаушы әкімшілік хаттама толтыру үшін құқық бұзушыны полиция бөлмесіне алып келген. Сол жерде мас жолаушы полиция қызметкерін боқтап, бірнеше рет басынан, бетінен ұрып, киімін жыртқан.

«Ұсталған азаматтың мұнан ары қарсылық танытуына жол бермеу үшін полиция қызметкерлері оны кісендеп, қаншалық мас екендігін анықтау мақсатында аудандық ауруханаға жеткізді. Жарақат алған полиция қызметкері ми шайқалу және жабық бас сүйек жарақатымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Билік өкіліне күш қолдау фактісі бойынша ҚР КК 380-бабы 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деп атап өтеді департаменттен.

Соңғы жаңалықтар