Мас күйіндегі ауыл тұрғыны «КамАЗ»-бен көпір үстінде аударылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау-Астрахан» трассасы бойында «КамАЗ» көлігін тізгіндеген мас жүргізуші көпір үстінде аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 тамыз күні сағат 23:10 шамасында Исатай ауданы аумағындағы Ақсай өзені үстінен салынған көпірде болған.

«Аударылған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде рульге отырған. Ол –Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының 32 жастағы тұрғыны. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Құқықбұзушы Исатай аудандық сотының қаулысымен 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылып, 20 күнге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар