Мас күйінде төбелес шығарып, такси жүргізушісін пышақтады - БҚО прокуратурасы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасы төбелес шығарып, адам өлтіруге оқталған А.Әбішев пен оның сыбайласы Р.Есмұхановтың ісін сотқа берді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Әбішев өзінің танысы Р.Есмұхановпен мас күйінде Оралдағы С.Датұлы көшесі бойында «Тамаша» дәмханасының жанында түн тыныштығын бұзып, екі адаммен төбелескен. Әбішев жәбірленушінің біреуіне пышақ жұмсап, таксимен сытылып кетпек болған оларды қуып жеткен. Сосын бұзақылық оймен такси жүргізушісінің ішіне алты мәрте пышақ сұққан. Жедел көрсетілген медициналық жәрдемнің арқасында ғана жәбірленушілер аман қалған.

Соңғы жаңалықтар