+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мас жүргізушінің көлігінен есірткі мен суық қару табылды

2018 жылғы 8 қараша 12:58
Бөлісіңіз:
Мас жүргізушінің көлігінен есірткі мен суық қару табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жергілікті полиция қызмекткерлері облыс орталығындағы көшелередің бірінен жол көлік ережесін бұзған «Фольксваген» көлігін тоқтатқан. Алайда көлік тізгіндеген жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашуға талпынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД мәліметінше, күдіктіні ұстау шарасы 5 қараша күні болған. Тәртіпке бағынғысы келмеген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, кейіннен көлігін тастай салып қашқан. Алайда көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Тексеру барысында оның Түркістан қаласының тұрғыны екені және мас күйінше рөлге отырғаны анықталды. Көлігін тексеру барысында аңшы мылтығы мен сіріңке қорапшасына салынған марихуанаға ұқсас есірткі шөбі табылды.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287 («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 296 («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сезікті уақытша тергеу абақтысына қамауға алынып, өз қылмысын толық мойындады. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полицейлер қолға түскен тұрғынның суық қаруды қандай мақсатта алып жүргенін анықтап жатыр» делінген хабарламада.
null

Ұсталған тұрғын сондай-ақ жол ережесін өрескел бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өткені, көлігін тоқтату туралы полиция қызметкерінің айтқанына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT