Мас күйінде көлік жүргізген ақтөбелік жолда әйелді қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8-шілде күні сағат 20:30-да тіркелді. «Лада Приора» көлігін басқарған жүргізуші «Мерей» сауда үйінің алдында жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші де белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде дене жарақатын алған әйел облыстық жедел жәрдем ауруханасына түсті. Медициналық сараптама кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Қазір осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар