Маржықпаев Есілдегі мектепті күтіп ұстауға қатысты ескерту жасады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл қаласындағы №1 орта мектептің шатырын жөндеу үшін облыстық бюджеттен 47 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың жұмыс бабымен Есіл ауданында болғанында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы алдымен, Свободный ауылындағы блокті-модульді қазандықтың жұмысымен танысты. 2019 жылы Свободный ауылын жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 71 миллион теңге қаржыға блок-модульді қазандық сатып алынған. Сондай-ақ, 14 миллион теңгеге ұзындығы 4 шақырым жылу желісі тартылған.

«Бұдан әрі, аймақ басшысы Есіл қаласындағы №1 орта мектепте болды. Биылғы жылы аталмыш мектептің шатырын жөндеуге облыстық бюджеттен 47 миллион теңге қаржы бөлінді. Мектептің ішін аралап көру кезінде аймақ басшысы білім беру нысанында күтіп ұстауға қатысты бірқатар ескертулер жасады», - деп жазылған Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар